"Атыраулық хакерге" халықаралық іздеу жарияланды
Атырау облысында жоғалған отбасының ісіне байланысты әлеуметтік желіде түрлі нұсқаларды таратқан, өзін “Атыраулық хакер” деп таныстырған азаматқа халықаралық іздеу жарияланды. Бұл ақпаратты өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Politico.kz.
Әлеуметтік желілерде белсенді болған ер адам халықаралық іздеуде жүргенін өзі де жариялаған. Атырау облыстық полиция департаменті бұл деректі ресми түрде растады.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, аталған азаматқа алаяқтық фактілері бойынша іздеу жарияланған. Бұл іс Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасыға қатысты қылмыстық іске ешқандай қатысы жоқ.
Алдын ала ақпарат бойынша, күдікті қазіргі уақытта Қазақстан аумағынан тыс жерде бой тасалап жүр. Тергеу және іздестіру шаралары заң аясында жалғасып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...