"Әулетіміздің қағидаларына баулимыз": Димаштың анасы келінін қалай ұстайтынын мәлімдеді
514
Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Света айтбаева болашақ келініне қояр талаптарымен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Бұл туралы "Жібек жолы" телеарнасының «Бүгін.live» бағдарламасында берген сұхбатында айтты. Ол ұлының таңдауына араласпайтынын жеткізді.
"Кез-келген ата-ананың арманы баласын аяқтандыру. Сәті түскен бір күні болар. Әзірге Димаш білесіздер концерттері бар жоспарланған жылдың аяғына дейін. Тығыз күнтізбемен қарбалас болып, ары-бері жүгіріп жүр. Маңдайға жазылғаннан асып кете алмайсың дейді ғой. Сол маңдайға жазылған бір жақсылығы бар деп сенеміз. Талап қоймаймын, кім болса да бұйырғаны. Кім болса да құшақ жая қарсы аламыз. Қатаң бір тәртіп қоймаймыз, бірақ жақсы бір кеңестерімізді айтып, өзіміздің әулеттің қағидаларын айтып, өзімізге қарай баулитынымыз рас", - деді Света Айтбаева.
Соңғы жаңалықтар
14.06.2026
18:09
Нұрай Серікбай ісі бойынша тергеу аяқталды
14.06.2026
15:49
Қытайда қайыршы роботтар пайда болды
14.06.2026
14:25
Қазақстанда ым тілі ресми мәртебеге ие бола ма?...
14.06.2026
13:33
AMANAT пен Әділет бірікті
14.06.2026
13:21
Елордада Әділет партиясы бас қосты
14.06.2026
12:28
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы кептеліс неде...