«Ауыл» партиясының жаңа төрағасы Дариғаның құдасы ма – Айтуғановтың өзі жауап берді
«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезінен кейін жаңа төраға Қайрат Айтуғанов өзіне қатысты тараған қауесеттерге қысқа ғана жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Партияның жаңа төрағасы Қайрат Айтуғанов «Ескі Қазақстанмен» байланысын жоққа шығарды
«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезінде Қайрат Айтуғанов Назарбаевтар отбасымен «ешқандай байланысым» жоқ деп қысқа қайырды да, кете барды.
Су жаңа төрағаның өзі істің анық-қанығын айтудан бас тартып, журналистерден қашып кетті.
Еске салсақ, желіде Қайрат Айтуғанов — Дариға Назарбаеваның құдасы деген ақпарат тараған еді. «Ауылдың» экс-төрағасы Серік Егізбаев мұны «қазақпыз ғой» деп түсіндірсе, партия мүшесі Қарақат Әбден өмірбаянын «зерттемедім, зерттемеймін де, шаруам жоқ» деді.
Бұған дейін «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев қызметінен кетіп, орнына Қайрат Айтуғанов тағайындалды.
6 шілде «Ауыл» партиясы кезектен тыс съезд өткізіп, құрылтайға баратын 69 делегаттың тізімін анықтады. Оның ішінде жылы орынына қайта отыруды көздеп жүрген, сүйек сындырып ел есінде қалған Жигули Дайрабаев пен сиыр сауып көзге түскен Қарақат Әбден де бар.
Соңғы жаңалықтар