Ауыр апаттан аман қалған: Шавкат Рахмоновтың жары мен ұлы ауруханадан шықты

Ауыр апаттан аман қалған: Шавкат Рахмоновтың жары мен ұлы ауруханадан шықты
28.07.2025 14:08
0
591
Сурет: Ашық Дереккөз

Шавкат Рахмоновтың жары мен ұлы ауруханадан шықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жамбыл облысындағы жантүршігерлік жол апатынан кейін ауруханаға түскен Шавкат Рахмоновтың жары мен 2022 жылы туылған ұлы емдеу мекемесінен шығарылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

— Жарақат алғандар Шу қалалық ауруханасынан өз еріктерімен, арнайы қолхат жазып шықты. Медициналық қызметке еш шағымдары жоқ. Олар Алматыға жол тартты, — делінген ресми мәлімдемеде.

Бұған дейін әйел мен бала травматология бөліміне жатқызылған болатын. Алдын ала қойылған диагноз жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалаған.

Еске салсақ, бұл апаттан екі адам қайтыс болған еді. Оқиға бойынша қазір ҚР Қылмыстық кодексінің "Көлік құралдарын жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелу" бабы бойынша тергеу басталды. Кінәлі деп танылған жүргізуші 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий