Автобус апатынан 21 адам ажал құшты

Автобус апатынан 21 адам ажал құшты
Фото: freepik.com

Шри-Ланкада автобус апатынан 21 адам қаза тапты, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Шри-Ланка орталығындағы таулы аймақта автобус апатқа ұшырап, 21 адам опат болды. 35-і ауруханаға жеткізілді.

Полиция зардап шеккендер арасында көлік жүргізуші де бар дейді. Жолаушылар автобусы мемлекеттік мекемеге тиесілі екен. 

Мамандар Шри-Ланканың таулы аймақтарындағы жолдар тар және сапасы нашар екенін айтады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу