Автобус ішінде қарияны ұрған ер адам ұсталды

Автобус ішінде қарияны ұрған ер адам ұсталды
08.07.2025 16:00
0
406
Бейнеден кадр

Алматыда автобус ішінде қарияны ұрған ер адам ұсталды

Әлеуметтік желіде қызу талқыланған оқиғаға байланысты Алматы полициясы әрекет етіп, автобус ішінде қарт адамға жұдырық жұмсаған ер адамды ұстады. Желіде тараған видеода ер адамның қарияны боқтап, "ол кішкентай бала!" деп айқайлап, оның арқасынан бірнеше рет ұрғаны көрінеді. Қарт кісі соққылардан қорғануға тырысқанымен, жағдай ушығып кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, жанжал автобус тоқтағаннан кейін аялдамада да жалғасын тапқан.

Оқиғаның мән-жайын анықтауға тырысқан журналистер сол ер адамның әйелімен сөйлескен. Әйелдің айтуынша, жанжал қарияның мас күйінде күйеуінің қарындасына тиіскенінен басталған. Осыған ашуланған күйеуі осындай әрекетке барған.

Қазіргі уақытта құқықбұзушы ер адам полиция тарапынан ұсталып, қамауға алынды. Ал соққыға жығылған қария әлі іздестіріліп жатыр.

"Аталған оқиға бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізуде. Құқықбұзушы анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, жәбірленушінің кім екені нақты тексерілуде. Тексеру нәтижесі бойынша заңға сәйкес шара қолданылады", — деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі HALYQSTAN тілшісіне.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий