«Авторы - Мәди»: Роза Рымбаева сахнада ұлының әнін алғаш рет орындайды
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева шығармашылық жолының 50 жылдығына арналған жеке концертінде тыңдарманын ерекше жаңалықпен қуантпақ. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz
Өнер иесінің айтуынша, кеш барысында жаңа әннің тұсауы кесіледі. Ерекшелігі шығарманың авторы оның кенже ұлы Мәди.
— «Концертте жаңа әннің тұсауын кесеміз. Авторы ұлым Мәди», — деп жазды Роза Рымбаева.
Желі қолданушылары бұл жаңалықты жылы қабылдап, өнерлі әулетке қолдау білдірді.
«Мәди өрге жүзеді деп айтқанбыз», «Әкесіне қатты ұқсайды», «Туа біткен таланттар», «Әні керемет болады» деген пікірлер көптеп жазылып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...