Ay Yola Алматыдағы концерт үшін алғыс айтты

Ay Yola Алматыдағы концерт үшін алғыс айтты
05.05.2025 10:16
0
126
Ашық дереккөз
Ay Yola Алматыдағы тыңдармандарына ризашылығын білдірді

Башқұртстандық Ay Yola тобы Алматыда өткен концерттен кейін қазақстандықтарға ерекше алғысын жеткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Музыканттар Instagram парақшасында 1 мамыр күні өткен концертте көрермендердің жылы қабылдауына ризашылық білдірді.

«Қазақстан, сіздер кереметсіздер! Осындай жылы қабылдауларыңызға, ықыластарыңызға, шынайы эмоцияларыңыз бен қызығушылықтарыңызға алғысымыз шексіз. Біз сіздердің қонақжайлылықтарыңызды алаңға шыққан алғашқы минуттардан бастап сезіндік. Бізбен бірге болған, бізді тыңдаған, бірге толқыған әр адамға рақмет!» – деп жазды музыканттар.

Топ мүшелері Абай алаңында өткен екі концерт те олардың есінде ұзақ сақталатынын айтты.

«Сәттерді түсіріп, видеолармен бөлісіп, сторис жариялаған әрбір жанға жеке алғысымызды білдіреміз. Сіздердің арқаларыңызда біздің музыкамыз әрі қарай кеңінен таралуда. Жаңа кездесулерге дейін!» – делінген хабарламада.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий