"Аяқбаянды күдікті деп ойламаймыз": жоғалған отбасының туысы сұхбат берді

27.02.2026 09:57 Мөлдір Талғат
6999
Фото: коллаж politico.kz

Атырауда кісі қолынан қаза тапқан ерлі-зайыпты Мақсот пен Нәсіптің туыстары күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев ұсталғаннан кейін алғаш рет журналистерге пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Марқұмдардың жақындарының сөзін әлеуметтік желіде тележурналист Жанат Жақсыбайқызы жариялады.

«Екеуі де тірі болсын деп тілейміз. Бірақ енді ол мүмкін емес шығар деп ойлаймын. Тым болмаса сүйектері табылса екен дейміз. Жер қойнына тапсыра алсақ... Жүрегімізбен тірі келсе екен деп үміттенеміз ғой. Солар туралы күдікті айтып берсе екен. Ішімізден жылаймыз, күйінеміз. Мейрамгүлдің де, Наурыздың да ешкімге бір түйір зияны жоқ еді. Қолынан келген көмегін Наурызжан аямайтын. “Қандай көмек керек?” деп жүретін. Қолындағы барын бөлісетін. Ешкіммен керіспейтін. Мейрамгүл де бала сияқты еді. Ал Наурызжанның ешкімге қиянаты жоқ. Жарты жыл болды жоғалғандарына. Күдікті бәрін мойнына алса екен дейміз. Ақбаянды күдікті деп ойламаймыз. Аман-есен елге оралып, дәрігерлерден ем алып, бес баласын бауырына басса екен дейміз. Қанша дегенмен балаға ана керек қой», – деді марқұмның туысы.

Еске сала кетейік, қос кісі өлтіру ісі бойынша күдікті Индонезияда ұсталған. ҚР Ішкі істер министрлігі шетелдік әріптестерімен бірлесіп, Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ер адамды қолға түсірген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий