Әйелдерінің бірін шәкіртіне берген имам туралы мүфтият мәлімдеме жасады 

01.04.2026 15:37 Әсел Мұрат
Әйелдерінің бірін шәкіртіне берген имам туралы мүфтият мәлімдеме жасады 
295
Фото: видеодан скрин

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы соңғы уақытта қоғамда талқыланып жүрген Құрбанәлі Ахметке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

«Құрбанәлі Ахмет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылымында қызмет етпейді, Діни басқармамен ешқандай қызметтік немесе ресми байланысы жоқ. Осыған байланысты оның тарапынан айтылған пікірлер, жеке көзқарастар мен мәлімдемелер ҚМДБ-ның ресми ұстанымы болып табылмайтындығын хабарлаймыз», - делінген мүфтият хабарламасында.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дінге қатысты мәселелерде тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. 

Еске сала кетейік, қазақстандық имам Құрбанәлі Ахмет Жанар Байсемізге берген сұхбатында екінші әйелін өзінің сұрауымен шәкіртіне үйлендіргенін айтты. Ол екінші әйелін қайын атасы «сыйлағанын» және оны бірінші әйелінің рұқсатынсыз алғанын айтқан. Екінші әйелінен бес баласы бар.

Құрбанәлі Ахметтің айтуынша, біраз уақыттан кейін отбасында жанжал туындап, екінші әйелі ажырасуға ниет білдіріп, басқа адамға тұрмысқа шығатынын айтқан. Осыдан кейін ол әйелін өзінің шәкірттерінің біріне тұрмысқа берген.

Бүгін мәжіліс отырысында Ермұрат Бәпи осы мәселеге байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұмысын қайта қарау қажет екенін айтты.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий