Әйелі мен баласы өртеп жіберген полицей өлімі: күдіктілер саны артты
Алматы облысында өртенген күйі табылған полиция қызметкері Аслан Альсеровтің өліміне қатысты тергеу барысында жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz «24KZ» телеарнасына сілтеме жасап.
Алматы облысында полиция қызметкерінің өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр.
Тергеу нұсқасына сәйкес, марқұмның екі ұлы да күдікті деп танылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға болған күні ерлі-зайыптылар арасында кезекті жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан. Осы сәтте үйге олардың 15 жастағы екі ұлы мен 14 жастағы досы кірген.
Тергеу нұсқасына сәйкес, жасөспірімдердің бірі әкесінің басынан қатты соққы жасаған. Одан кейін күдіктілер ер адамды байлап, түн ішінде көлікпен Алматы облысының Кеген ауданына алып кеткен.
Тергеушілердің болжамынша, мәйіт сол жерде өртеліп, қылмыстың ізін жасыруға әрекет жасалған.
Қазіргі уақытта марқұмның жұбайы, екі ұлы және олардың 14 жастағы досы күдікті ретінде қамауға алынған.
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, әрбір күдіктінің әрекетіне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.
Еске салайық, 23 маусымда полицияға таулы аймақта мәйіт табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, қаза болған адамның полиция қызметкері екені анықталған.Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер ұсталды. Олардың арасында марқұмның жұбайы мен ұлы бар. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға Алматы қаласында болған.
Соңғы жаңалықтар