Әйелі мен баласы өртеп жіберген полицейдің көршілері қанды қылмыс туралы пікір білдірді

25.06.2026 10:28 Қарақат АСЫЛОВА
Әйелі мен баласы өртеп жіберген полицейдің көршілері қанды қылмыс туралы пікір білдірді
549
Коллаж Politico.kz

Алматы облысының Кеген ауданында әйелі мен балалары өлтіріп, өртеп жіберді деген күдікке ілінген 37 жастағы полицей Аслан Альсеровтың көршілері оқиға күні ешқандай шу естімегенін айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бұған дейін Politico.kz хабарлағандай қатыгез қылмысқа қырынуға арналған ұстараның жоқтығы себеп болған. Жанжал кезінде марқұмды ұлы балтамен ұрып, әйелі жіппен қылғындырған. Одан кейін мәйітті кілемге орап, көліктің жүксалғышымен таулы аймаққа апарып өртеп жіберген.

Кісі өлімі марқұмның отбасымен бірге тұратын пәтерінде болған. Қазір есігі мөрленген үйдің көршілері сол күні ешқандай айқай-шу естімегенін, оқиғаны тек полиция сұрақ қойып келгенде ғана білгенін жеткізді.

"Бізге бір полиция бала келіп, ана немерем 33-те, содан сұраған. «Сендер қашаннан тұрасыңдар, кеше естідіңдер ме?»  деп. Ол жұмыстағы кісілер, мен де ештеңе естіген жоқпын. Тым-тырс. Ылғи да жұмыста. Анда-санда балконнан балаларын көремін. Түк те білмейміз. Кеше қайғырып қалдым. Әп-әдемі, сондай кісілер. Келіншегі де, өзі де", — дейді көршісі.

Аслан Альсеровты жақындары 24 маусымда ақтық сапарға шығарып салды. Қара жамылған туыстары отбасында қандай ұрыс болғанын білмейтінін айтып, кінәлілердің тиісті жазасын алуын талап етіп отыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий