"Әйелім болмағанда ұсталмас едім": Сұлтан Сәрсемәлиев сотта мәлімдеме жасады
8325
Атырауда төрт адамның өліміне қатысты айыпталып жатқан Сұлтан Сәрсемәлиевтің ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Кезекті процесте айыпталушы оқиғадан кейінгі әрекеті туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Сәрсемәлиев сотта қаласа ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарына ұсталмай жүруге мүмкіндігі болғанын айтты. Алайда бұрынғы әйеліне байланысты із-түзсіз кету мүмкін болмағанын айтты.
«Мен өзім қашсам, мүмкін ұстатпас та едім. Ал (бұрынғы) әйеліммен алысқа ұзай алмадым», – деді айыпталушы.
Өз кезегінде судья Зарима Хамидуллина Сәрсемәлиевтің осы уақытқа дейін қаза тапқандардың туыстарынан кешірім сұрамағанын айтты.
Айта кетейік, Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бұған дейін оның Индонезияның Бали аралында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланғаны хабарланған болатын.
Соңғы жаңалықтар
10.08.2026
17:07
Жиһанкез: Ингушетияда қазақпын десем, үйіне қон...
10.08.2026
16:40
Марқұм Арман Дүйсеновтің жесірі ұлының өліміне ...
10.08.2026
16:37
«Кезекті ақшаға жылжытқан»: «Отбасы банктің» қы...
10.08.2026
16:35
Қазақстанда 129 мың зейнеткер ет алуға қиналады...
10.08.2026
16:30
Исламтанушы: Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде пері...
10.08.2026
16:05
Тоқаев әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерінің б...