"Әйелімнен күдіктенгендей болдым": "Шаншар" театрының актері жұртты таңғалдырды

"Шаншар" театрының актері Ғалымжан Қаппаров бір сұхбатында отбасылық қызықтарын айтып, көпшілікке беймәлім құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ sadaq.kz-ке сілтеме жасап.
«Төрт ұлым бар. Ең қызығы — олардың ешқайсысы маған ұқсамаған. Төртеуінің де өңі ашық, өзі жіңішке келген.
Үйге келген кісілердің бәрі: "Балаларың саған мүлде ұқсамайды ғой" деп айта береді. Адам әр жолы сол сөзді естігенде біртүрлі күйге түседі екен.
Кейде өзім де әйелімнен күдіктенгендей болдым. Бірақ күдіктенуге еш негіз жоқ еді — ол күндіз де, түнде де жанымда.
Төрт ұлдан кейін арнайы туу күнтізбесін қолданып, қыз күткенбіз. Аллаға шүкір, қазір өзімнен айнымайтын қызым бар. Өзім оны қалжыңдап "Тайсонның қыз нұсқасы" деп атаймын», — деп күлді актер Ғалымжан Қаппаров.
Соңғы жаңалықтар





