Қазақстанның кей өңірлерінде қалың қар жауып, боран соғады
Синоптиктер 24-26 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Алдағы демалыс күндері кей өңірлерде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Politico.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында, 24 қазанда шығысында, сондай-ақ 24 және 26 қазанда Қарағанды облысында жауын-шашын (негізінен қар түрінде) күтіледі.
Маңғыстау облысында аздаған жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл соғуы мүмкін.
24 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында қалың қар жауып, боран соғады деп болжанады. Батыста, солтүстік-батыста және Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша тұман түседі. Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде -1...-8 градус аяз күтіледі.
Ауа температурасы:
- батыста күндіз ауа температурасының негізгі фоны +11…+18°С болады.
- солтүстікте түнде ауа температурасы -4…-10°С-тан 0…+5°С-қа дейін жоғарылайды, күндіз +2…+7°С-тан +6…+11°С-қа дейін аздап құбылады.
- орталықта түнде ауа температурасының негізгі фоны -2…-10°С, күндіз 0…+5°С-тан +5…+12°С-қа дейін біртіндеп жоғарылайды.
- шығыста түнде ауа температурасының негізгі фоны -5…-10°С, облыстың таулы аудандарында -13…-18°С болады. Күндіз -5…+5°С аралығында күтіледі.
- оңтүстікте күндіз ауа температурасының негізгі фоны +8…+15°С болады.
- оңтүстік-шығыста күндіз ауа температурасы +2…+7°С-тан +6…+12°С-қа дейін аздап жоғарылайды, таулы аудандарда -1…-6°С күтіледі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.10.2026
15:29
Жамбылда әйелімен татуласқан ер адам 330 мың тө...
23.10.2026
15:19
Қазақстанның кей өңірлерінде қалың қар жауып, б...
23.10.2026
15:16
Тоқаевтың шешімі NVIDIA басшысының назарын аударды
23.10.2026
14:56
Атырауда 6-сынып оқушысы мектепке пышақ алып ке...
23.10.2026
14:37
Президент Республика күніне орай екі мыңнан аст...
23.10.2026
14:36
«Балаларымды әкеліп берші»: Моңғолиядан келген ...