«Әйелін аяусыз сабап өлтірген»: Айзат Жұманованың қазасына қатысты үкім шықты

09.01.2026 10:24 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
«Әйелін аяусыз сабап өлтірген»: Айзат Жұманованың қазасына қатысты үкім шықты
0
604
Фото: ашық дереккөз

Талдықорғанда Айзат Жұманованың қазасына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Талдықорған қаласында 32 жастағы Айзат Жұманованың күйеуі тарапынан ұрып өлтірілгені туралы іс қаралды. Оқиға Жетісу облысы, Баласаз ауылында болған. Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қаралды.

8 қаңтарда прокурор айыпталушы Айбар Жанболатты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Сот үкімі бойынша Айбар Жанболат 14 жылға сотталды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда өтейді.

Сондай-ақ сот шешімімен айыпталушыдан 20 миллион теңге көлемінде өтемақы өндіріледі.

Сот үкім шығару кезінде сотталушының қылмысты мас күйінде жасағанын және жеңілдететін мән-жайлардың жоқтығын ескерді.

Прокурор Нұржан Билибеков сотталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп тануды сұраған болатын. Прокурор оны орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесіне 15 жылға қамауды ұсынды. Сонымен қатар айыптаушы тарап жәбірленушілерге ең төменгі жалақының 30 есесі, яғни 117 060 теңге көлемінде өтемақы төлеуді және мемлекет пайдасына 690 329 теңгелік сот-медициналық сараптама шығындарын өндіруді міндеттеу қажет деп санайды. Келесі отырыс ертең, 9 қаңтарға белгіленген және онда түпкілікті үкім шығарылуы мүмкін.

Еске салайық қайғылы оқиға 2025 жылдың 21 маусымынан 22-сіне қараған түні Ақсу ауданының Баласаз ауылында болған еді. Отбасылық жанжал кезінде бір баланың анасы Айзат Жұманова күйеуінің соққысынан көз жұмды.

Айта кетейік тергеу барысында күдіктінің әрекеті бастапқыда «Абайсызда қазаға ұшырату» деп бағаланып іс жеңіл баппен сараланған болатын. Алайда марқұмның ата-анасы мен қоғамның табандылығы арқасында іс қайта қаралып неғұрлым ауыр бапқа ауыстырылды. Тергеу амалдары кезінде Айзат Жұманованың денесіне эксгумация жасалды. Сондай-ақ сотта жәбірленушінің соққыға жығылғаннан кейін ауруханаға жеткізілген сәтіндегі бейнежазбалар жарияланды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий