Айтбек Амангелді қарындасының рухына арналған кітап шығарды

24.12.2025 08:22 Берік Арманов Берік Арманов
Айтбек Амангелді қарындасының рухына арналған кітап шығарды
0
75
Фото: әлеуметтік желі

Айтбек Амангелді марқұм қарындасы Салтанат Нүкенова жайлы кітап жазып шығарды, деп хабарлайды Politico.kz Аikyn.kz-ке сілтеме жасап. 

“Бұл  – менің кішкентай қарындасым туралы кітап. Оның аты – Салтанат. Кітап қазір Қазақстанда қолжетімді, оны сауда желілері арқылы сатып алуға болады”, – деп жазды ол.

Өзін жазушы ретінде таныстырған қолданушылардың бірі кітапты шығаруға біраз қаражат жұмсалатынын жазды.

“Өзім жазушымын, айтарым, соңғы кітапқа біз 1,5 жыл уақыт жұмсадық және 8 миллион теңгеден астам қаражат кетті. Бір биографиялық кітаптың өзіндік құны 255 мың теңгеден асты. Кітап ешқашан өзін ақтамайды, себебі оған кеткен шығын болжамды кірістен жоғары. Сондықтан бұл жерде ешқандай кәсіп жоқ. Ол кітапты тек қарындасының естелігі үшін жасап отыр”, – деп жазған ол.

Кітап желі қолданушылар арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Қазір басылым Қазақстан бойынша ғана емес, Америка Құрама Штаты бойынша да сатылымға шықты.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий