Қазақстан қай елдерге мұнай-газ химия өнімдерін экспорттайды
458
2023 жылдың қорытындысында елімізде 306 мың тонна мұнай-газ химия өнімдері өндірілді. Бұл туралы Энергетика министрлігінен мәлім етті.
Ведомство ұсынған дерекке сәйкес, мына елдерге мұнай-газ химия өнімдері экспортқа шығарылған. - полипропилен: Қытай – 94,5 мың тонна, Ресей – 44,9 мың тонна, Еуропа – 30 мың тонна, Түркия – 14,1 мың тонна. - бензол: Қытай – 25,3 мың тонна. - параксилол: Қытай – 18,2 мың тонна.«Бүгінгі таңда көмірсутек шикізатынан келесі мұнай-газ химия өнімдері өндіріледі: бензол, параксилол, полипропилен, метил-трет-бутил эфирі және басқалары 2023 жылы мұнай-газ химия өнімдерінің жиынтық өндірісі 306 мың тоннаны құрады. Оның ішінде экспортқа 227 мың тоннасы жіберілді және бұл көрсеткіш 2021 жылмен (87 мың тонна) салыстырғанда 2,6 есеге өсім көрсетті», - деп атап өтті министрліктен агенттік тілшісінің сауалына орай.
Соңғы жаңалықтар
16.03.2026
19:11
Шымкенттегі аудан әкімінің үстінен іс қозғалды
16.03.2026
18:09
Оралда жатақханадан бір адамның мәйіті табылды
16.03.2026
17:16
Үш бала мен әкенің өлімі: сот жүргізушіні ақтады
16.03.2026
16:31
Тоқаев әскерге шақыру туралы жарлыққа қол қойды
16.03.2026
16:28
Дана Нұржігіт тың жаңалығымен бөлісті
16.03.2026
15:51
Атырауда күйеуі әйелін пышақтап өлтірді