Қазақстан – әлемде осмий өндіретін жалғыз мемлекет
Атомдық нөмірі 76, атомдық массасы 190,2. Осмий платина металдар санатына жататын, күлгін түсті металл. Осмийдің 1 граммы 120 мың доллар тұрады.
«Осмий-187 изотобы туралы мәлімет өте аз. Оның нақты бағасы да белгісіз. Ашық саудада сатылмайды. Қара базарда өте қымбат тұрады. Мысалы, осмий-187-ден қымбат металл – калифорний. Бірақ ол табиғатта табиғи түрде кездеспейді. Оны тек түрлі атомдық реакциялар арқылы өндіруге болады. 1 грамы – 25-27 млн доллар. Ал одан кейінгі қымбат металл – осмий-187. Ол тек біздің елімізде табиғи түрде табылған металл" дейді осмийді алғаш өндірген металлург-ғалым Төлеген Бүкіров “Жас алаш” газетіне берген сұхбатта.
Ғалымның айтуынша, осмий табиғатта тек Жезқазған қойнауында кездеседі. Яғни қазақ елінің тағдырына жазылған бақ десек артық айтпаймыз-ау, сірә? Тіпті министр Школьниктің өзі Төлеген Бүкіровке «Пайданы есептеп, көрсетпей әкеп бер» деген тапсырма берген көрінеді.
Осы орайда 1 граммының өзі 120 мың доллардан тұратын осмийді өндіретін мемлекет бола тұрып, неге кедей елміз деген шартты сұрақ туады... Сіз қалай ойлайсыз, оқырман?
politico.kz
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...