Қазақстан ОПЕК+ қатысушы елдермен бірлесіп қабылданатын шешімдерді қолдайды
Қазақстан ОПЕК + келісіміне бейілділігін растайды және ОПЕК+ қатысушы елдермен бірлесіп қабылданатын шешімдерді қолдайды, деп мәлім етті ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің (JMMC) 53-ші отырысы шешімінің қорытындысы бойынша Қазақстан өтемақының егжей-тегжейлі жоспарын дайындады, оған сәйкес 2024 жыл ішінде 1-тоқсанда асыра орындалған көлемдерді біртіндеп өтейді.
Қазақстан өз міндеттемелерін сақтау және белгіленген өтемақы жоспарына сәйкес артық өндірісті өтеу үшін бар күшін салады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан өзінің ағымдағы ерікті міндеттемелерін 2024 жылдың маусым айының соңына дейін ұзартты«Біз әр елдің міндеттемелерін орындаудың және мұнай нарығын тұрақтандыру мақсатында ынтымақтастықты қолдаудың маңыздылығын түсінеміз»,-делінген хабарламада.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...