Қазақстан Ресей арқылы Германияға мұнай тасымалының тоқтатылғанын жоққа шығарды
Қазақстанның Энергетика министрлігі төлем мәселесіне байланысты Ресей арқылы Германияға жеткізілетін мұнай тасымалының тоқтатылғанын жоққа шығарды.
Осыған дейін Reuters агенттігі Ресей Қазақстан тарапын төлем мәселесіне байланысты Германияға мұнай тасымалы 2024 жылдың маусымынан бастап тоқтатылатыны туралы ескертті, деген ақпарат таратқан болатын.
Онда аталған сервис келісімінің мерзімі 5-маусым күні аяқталатыны айтылған. Алайда келісімнің шарттары мен Ресей алғысы келетін қаржы көлемі туралы ештеңе айтылмаған.
Қазақстанның Энергетика министрлігі бұл ақпаратты растамады.«Транснефть» кейінгі аптада қазақстандық тасымалдаушыларға Польшаның мемлекеттік құбыр желісі операторы PERN-нің өзінің Польша-Беларусь шекарасындағы Адамов базасында газды өлшеу бойынша қызметінің құнын үш сауда көздері бойынша маусым айына дейін төлеуі қажеттігі туралы ескерткен», - деп хабарлады Reuters.
«Бізде мұндай ақпарат жоқ», - деп мәлімдеді ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...