Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан "Қамбар ата" су электр станциясын бірге салады
640
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан үкіметтері Нарын өзенінде "Қамбар ата" су электр станциясын салу туралы келісімге қол қояды.
Келісімде су электр станциясы құрылысын жүзеге асыру және оны пайдалану барысында тараптардың әріптестік шарттары анықталады.
Құжатқа сәйкес, "жоба аясында тараптар арасында әріптестіктің негізгі принципі "Қамбар-Ата – 1" су станциясында өндірілетін электр энергиясының барлық көлемін тараптар анықтаған ұйымдардың сатып алуы" болмақ.
Тараптар өзара келісе отырып, су электр станциясын басқарады.
Жобаны жүзеге асыру үшін Қырғызстан аумағында акционерлік қоғам құрылады. Қырғызстан 34 пайыз, Қазақстан мен Өзбекстан 33 пайыз үлеске ие болады. Компания құрылтайшысын әр тарап өз бетінше анықтайды.
Жобаны жүзеге асыру мерзімі аяқталған соң "Қамбар ата" станциясының акциялары мен активтері толықтай Қырғызстан меншігіне өтеді. Келісімге Бішкекте қол қойылады деп жоспарланған.
Қырғызстан "Қамбар ата-1" станциясының құрылысын 2022 жылғы маусымда бастаған. Жобаның алғашқы кезеңіне 20 миллион доллардай бөлінген. Мәліметтерге қарағанда, ГЭС құрылысына 2,9 млрд доллар қажет.
"Қамбат ата – 1" су электр станциясын салу жобасы аясында биіктігі 256 м болатын бөгет, қуаттылығы 1860 мегаватт болатын, сағатына 5,6 млрд кВт электр энергиясын өндіретін станция, сыйымдылығы 5,4 млрд текшеметр болатын су қоймасын салу көзделген. Құрылыс 10 жыл ішінде аяқталуы керек.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...