Қазақстанда алғаш рет Аналар күні тойланып жатыр

12.05.2024
13:44
0
327
Аналар күні — әлемнің көптеген елдерінде анаға құрмет көрсетіп, оның мейірімі мен қамқорлығы үшін алғыс айту мақсатында атап өтілетін маңызды мереке. Осыған орай Мәдениет және ақпарат министрлігі еліміздегі жаңа мерекеге шолу жасады.
Мереке мамыр айының екінші жексенбісінде әлемнің 20-дан астам елінде тойланады.
Олардың қатарында АҚШ, Канада, Германия, Италия, Бельгия, Дания, Финляндия, Эстония, Түркия, Жапония, Бразилия және Аустралия бар.
Ал бұлардан бөлек елдер бұл мерекені басқа күні атап өтеді. 2024 жылы бұл мереке Қазақстанда 12 мамырда алғаш рет тойланып отыр.
Ананы қорғау — мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерінің бірі.
Біздің отбасылық өмірімізде де, қоғамдық өмірімізде де ананың рөлі ерекше, ол балаларын тәрбиелеп, бағыт-бағдар береді. Ананың еңбегі әрдайым жоғары бағаланады. Елді мекендерде балалар мен жастарды тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды жаңғырту мәселесін шешу үшін, Қазақстандағы әйелдерін біріктіретін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Аналар кеңесі» жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Республикалық аналар кеңесінде елдің облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық деңгейлерінде 1713 бөлімше бар (оның ішінде 17 облыстық, 56 қалалық, 159 аудандық, 1481 ауылдық және этномәдени бірлестіктер жанында), олардың құрамына 16051 әйел кіреді. 6 мамыр мен 12 мамыр аралығында барлық өңірде 600-ден астам түрлі іс-шара өтті. Жалпы, Аналар күнін мерекелеу ананың қоғамдағы рөлін арттыруға, әр азаматтың ата-анасына құрмет көрсетіп, алғыс айта білуге тәрбиелеу, жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, отбасы институтын сақтауға және нығайтуға бағытталады.«Шын мәнінде, әрбір адам үшін анадан ұлы, анадан қымбат ешкім жоқ. Ең қастерлі құндылықтарымыз „Жер-ана“, „Отан-ана“ ұғымдарымен тығыз байланысты. „Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді“ дейді. Бұл сөздің айрықша мән-маңызы бар», — деген еді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

07.06.2025
10:10
Тойда тілек айтқан Сәкен Майғазиевтің жары көпш...

07.06.2025
09:03
Жаңа туған сәбиін терезеден лақтырған оқушы қыз...

06.06.2025
21:14
Сәкен Майғазиевтің ұлы келінін кілемге салып ал...

06.06.2025
20:01
Сәкен Майғазиевтің келіні мәһрге не сұрағаны бе...

06.06.2025
18:26
Белсенділер жалған медициналық анықтама сататын...

06.06.2025
17:31
Сәкен Майғазиев келіннің қалың малына 5 миллион...