Қазақстанда үй бағасы тағы көтеріле ме: мамандар жауап берді
360
Экономикалық дағдарыстар болмаса, Қазақстанда жаңа баспананың құны шарықтап кетпейді – айына шамамен 0,5-1 пайызға өсуі мүмкін,-деп хабарлайды politico.kz
Мамырдың соңында Қазақстанда жаңа үйлер орташа есеппен айына 0,4 пайызға және жылына 2 пайызға қымбаттады. Қайталама тұрғын үй нарығында жағдай керісінше – баға ағымдағы жылдың мамыр айымен салыстырғанда 0,2 пайызға, өткен жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға төмен. Яғни тұрғын үй нарығының екі секторы әлі де әртүрлі бағытта жылжуда. Сондай-ақ "Крыша" порталы хабарлағандай, сарапшылар тек бастапқы тұрғын үй бағасы одан әрі өседі деп болжап отыр. Демек, экономикалық дағдарыстар болмаса, оның құны айына шамамен 0,5-1 пайызға өседі. "Қайталама" тұрғын үй бағасы осы жылдың қыркүйегіне дейін шамамен 1-3 пайызға көтерілуі мүмкін. Дегенмен оның стагнацияға, яғни бағаның өсуінің тоқтап қалуына ұшырауы мүмкін: әсіресе баға қазірдің өзінде елдегі ең жоғары саналатын Алматыда. Айта кету керек, бұл жағдай құрылыс салушылар белсенділігіне де әсер етеді: олар үшін жаңа нысандарды салу тиімсіз болмақ. Мұның бәрі материалдардың қымбаттауы, инженерлік желілердегі қиындықтар, сондай-ақ ипотекалық несиелердің тапшылығына байланысты сатудағы қиындықтар салдарынан рентабельділіктің төмендеуі себеп. Естеріңізге сала кетейік, жаңа ипотекалық несиелерде бағаның өсуіне жол бермейтін "қорғау механизмі" бар: жаңа үйлерді тек шаршы метрінің бағасы бекітілген арнайы портал арқылы ғана сатып алуға болады. Басқаша айтқанда, кейбір құрылыс салушылар үшін тұрғын үй бағдарламасына қатысу тиімді болмауы мүмкін.Соңғы жаңалықтар
26.08.2026
13:11
Ақтөбеде полицей күйеу баласына оқ жаудырды
26.08.2026
12:41
"Көліктің астына түсіп, "өл" деді: Айгүл Иманба...
26.08.2026
12:24
Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс: айыпталу...
26.08.2026
11:35
Атырау әуежайына ұшақ шұғыл қонды: жолаушы көз ...
26.08.2026
11:30
Перзентханадан өрт шығып, 14 сәби қаза тапты
26.08.2026
10:30
"Құшақтап, беттен сүю — ерсі әдет": Қарақат Әбі...