Қазақстанда әсері күшті препараттардың заңсыз айналымына қылмыстық жаза енгізіледі
Қазақстанда кейбір препараттарды медициналық емес мақсатта пайдалану айтарлықтай өсті. Яғни синтетикалық есірткінің әсерін күшейту үшін сатып алынады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында тиісті заң жобасын талқылау кезінде депутат Снежанна Имашева айтты.
Оның айтуынша, қазір осы дәрілік заттарды рецептсіз бергені және олармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін тек әкімшілік жауаптылық қарастырылған.«Атап айтқанда, «трамадол», «тропикамид», «азоттың тотығы», «сомнол», «прегабалин» және тағы сол сияқты медицина препараттарын жастар көп пайдаланып жатыр. Бұл заттарды есірткіге тәуелді адамдар синтетикалық есірткінің әсерін күшейту үшін пайдаланады. Нәтижесінде оларға медициналық емес сұраныс айтарлықтай өсті. Мәселен, тропикамид көз тамшыларын нашақорлар мұрынға тамызады немесе көктамырға жібереді. Осыдан галюциногендік әсер алады немесе синтетикалық есірткінің әсерін күшейтеді», - деді С. Имашева.
«Бұл жағдай осы препараттарды медициналық емес мақсатта сататын қаскөйлерге тосқауыл бола алмай тұр. Мысалы, 2022 жылы бүкіл елге танымал, фармацевтикалық білімі жоқ Трамадол Королі (Н. Карпов) күшті әсер ететін заттардың ірі партиясымен бірнеше рет ұсталды. Бірақ, онда дәріхана қызметіне формальды түрде лицензиясы болғандықтан, күшті әсер ететін медициналық препараттарды заңсыз таратқаны үшін әкімшілік айыппұл төлеп құтылып кетті. Сондықтан, жобада аталған медициналық препараттар құрамы бар күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы, олармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны, сондай-ақ оларды ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылықты енгізу ұсынылып отыр», - деді депутат.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...