ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗБА БАЙЛЫҒЫ 50 ЖЫЛҒА ЖЕТЕДІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗБА БАЙЛЫҒЫ 50 ЖЫЛҒА ЖЕТЕДІ
Қазақстанда табылған қазба байлық қоры әлі жарты ғасыр бойы өндіруге жетеді. Бұл жайлы Геология комитетінің төрағасы мәлімдеді. Ерлан Ақбаров: «нақты зерттеу нәтижесінде жер қойнауында осынша көлемде кен қоры бары анықталды», – деді. Оның ішінде алтын 20-25, мұнай 30 жылға дейін пайдалануға жеткілікті. Алда барлау жұмыстары жалғасын тауып, жетілдірілетін болады. Қазір елде 9 мыңнан аса кен орны бар. Онда 103 түрлі пайдалы қазбалар алынады. Ерлан Акбаров, ҚР ӨҚМ Геология комитетінің төрағасы: - 200-дік масштаб бойынша жасалып жатырған зерттеу жұмыстары бойынша Қазақстанның аумағы 100% зерттелген. 2022 жылда геология саласын дамытудың тұжырымдамасы бекітілді. Сол тұжырымдамадағы біздің бірінші бағытымыз – мемлекеттің геологиялық зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру. Ол – 200-дік масштабтан 50 мыңдың масштабқа көшу. 50 мыңдық масштаб аумақтарды толық анықтауға мүмкіндік береді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу