«Ажырасқаны кеше еді»: Индира Елемес танымал рэпермен әуежайда құшақтасып көзге түсті

24.12.2025 10:55 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Ажырасқаны кеше еді»: Индира Елемес танымал рэпермен әуежайда құшақтасып көзге түсті
0
71
Коллаж: Politico.kz

Әлеуметтік желіде әнші Индира Елемес пен “Кисло-Сладкий” лақап атымен танылған рэпер Дархан Жұмабектің Алматы әуежайында бірге жүрген видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Politico.kz

Кадрлардан өнер иелерінің бір-бірімен құшақтасып, жылы қарым-қатынас танытып тұрғанын байқауға болады. Бұл сәт желі қолданушыларының назарынан тыс қалмай, түрлі пікірлерге себеп болды.

Кейбір оқырмандар әншінің жеке өміріндегі өзгерістерге күмәнмен қарап, сын айта бастады. «Ажырасқаны кеше ғана еді», «Қорқып, жылап жүрген еді ғой», «Осының талғамы жоқ па бірдеңе?» деген сарындағы пікірлер желіде жиі кездесуде. Ал енді бір қолданушылар мұны әншінің жеке таңдауы деп қабылдап, артық әңгімеге бармауға шақырды.

Айта кетейік, рэпер Дархан Жұмабек (Кисло-Сладкий) көпшілікке «Пиридай привет» трегі арқылы кеңінен танылған. Ал Индира Елемес соңғы уақытта жеке өміріне байланысты жаңалықтармен жиі айтылып жүр.

Әзірге өнер иелері бұл видеоға қатысты ресми пікір білдірген жоқ. Дегенмен желі қолданушылары олардың қарым-қатынасы жай ғана достық па, әлде жаңа романтикалық байланыс па деген сұрақты талқылауын тоқтатар емес.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий