«Мұндайға қалай жол бердіңіздер?»: Қостанай супермаркетіндегі ойыншық жұрттың ашуына тиді

«Мұндайға қалай жол бердіңіздер?»: Қостанай супермаркетіндегі ойыншық жұрттың ашуына тиді
Ашық дереккөз

Қостанайдағы супермаркеттердің бірінде сатылымға қойылған «Моя Родина – Россия» атты үстел ойыны қоғам наразылығын тудырды, деп хабарлайды Politico.kz сайты Ulysmedia.kz-ке сілтемемен.

Қазақстандықтар дүкен сөрелерінен Ресейге қатысты символикасы бар өнімді көріп, сауда орнының әрекетіне сын айтты.

Әлеуметтік желі қолданушылары супермаркет әкімшілігінен мұндай тауардың Қазақстан аумағында сатылуына жол берілгенін түсіндіруді талап етті. Кейбір тұрғындар дүкенді отандық өндірушілердің өнімдерін қолдаудың орнына, ресейлік тауарларды насихаттап отыр деп айыптады. Сондай-ақ пікір білдірушілер бұл жағдайға байланысты наразылығын ашық жеткізді.

Қоғамдық сыннан кейін сауда желісінің әкімшілігі ресми мәлімдеме жасап, дауға себеп болған өнімнің сатылымнан алынғанын хабарлады.

Компания өкілдері ойынның мазмұнына жеткілікті деңгейде назар аудармағанын мойындап, жауапкершілікті толық өз мойнына алатынын мәлімдеді. Олардың айтуынша, бұл жағдай әдейі жасалмаған және ешқандай саяси мақсат көзделмеген.

Сонымен қатар дүкен әкімшілігі Қазақстанды өз Отаны деп санайтынын, елдің тарихын, мәдениеті мен құндылықтарын құрметтейтінін атап өтіп, көпшіліктен кешірім сұрады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу