БҚО өңірлік коммуникациялар қызметіне жаңа басшы келді
760
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің келісімімен Махамбет Амантайұлы Сұлтанғалиев Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы лауазымын тағайындалды.
Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім еткеніндей, Махамбет Сұлтанғалиев 1981 жылы дүниеге келген. Білімі - жоғары.
Махамбет Амантайұлы 2000-2019 жылдары мемлекеттік органдардың әртүрлі құрылымдарында жұмыс атқарды.
Сондай-ақ 2019-2020 жылдары «Батыс Қазақстан облысының экологиялық-географиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігі басшысының орынбасары, баспасөз хатшысы, 2020-2023 жылдары Халықаралық құқық қорғау орталығы БҚО филиалының басшысы, кәсіби медиатор, баспасөз хатшысы болды.
2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Сонымен қатар «Арман-Орал» қайырымдылық қорының басшысы, «Amanat» партиясы БҚО филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы болып қоғамдық жұмыстарды атқарды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Болат Мешеловтің БҚО статистика департаментіне басшы болғанын жазған едік. Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...