Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың қамау мерзімі ұзарды
Сот ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа деректерді жариялауға болмайтынын атап өтті. Бұған дейін Мемлекет басшысының заңсыз жолмен шығарылған активтерді іздеу және қайтару тапсырмасын орындау мақсатында бұрынғы әділет министрі қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған болатын. Ведомство ақпараты бойынша, ол қажет емес қызметтерге жыл сайын келісімшарт орнатып, мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтірген. Кейінірек Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі экс-әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады. Бас прокуратура күдікті Қазақстаннан шығып кетпек болған жерінен ұсталғанын мәлім етті.— Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Бекетаевты қамауда ұстау мерзімін 2024 жылғы 21 қаңтарына дейін ұзартты, делінген Астана сотының Kazinform сауалына жауабында.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...