"Бағанашыл" балалар үйіндегі жанжалдан кейін облыс әкімінің орынбасары және екі басқарма басшысы жұмыстан босатылды

Коллаж: POLITICO.KZ

Алматы облысында «Бағанашыл» балалар үйінің оқиғасына қатысты даудан кейін үш бірдей шенеунік қызметінен босатылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ саяси-әлеуметтік порталы.

Бұл ақпаратты аймақ әкімдігінің өкілдері растады. Олардың айтуынша, шенеуніктерді жұмыстан босату туралы шешім Президент Әкімшілігімен келісілген.

Қызметінен босатылғандардың ішінде облыс әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков, Білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева және Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбітов бар. 

                                  

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу