«Багажымыз жоғалып кетті»: Айман Талғатқызы Мединаға сапарындағы қызықты сәтін еске алды
335
Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі ретінде танылған Айман Талғатқызы қасиетті Медина қаласына жасаған сапарынан естелік бөлісіп, желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Мединада түскен суретін жариялап, сапар барысында бастарынан өткен күтпеген жағдайды баяндап берді.
Айман Талғатқызының айтуынша, қасиетті қалаға жеткен бойда екеуінің де жүгі жоғалып кеткен. Алайда олар бұл қиындыққа мойымай, бар жағдайға сабырлық пен шүкіршілік танытқан:
«Екеуміз Мединаға жетіп, бірақ багажымыз жоғалып кеткен кез. Сол киіммен көшеде донер жеп, айран ішіп, шүкір айтып отырған сәт. Бұл жерді басуды аңсап жүргендер қаншама! Алла баршаңызға бұйыртсыншы. Сағынып отырмын», – деп жазды ол.
Соңғы жаңалықтар
07.10.2026
12:27
«Сендердің кездегі тәрбие қазір өтпейді»: Тәуек...
07.10.2026
12:15
Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбаса...
07.10.2026
11:45
«I am Jane Doe»: қазақстандық әйелдер жылдар бо...
07.10.2026
11:26
93 күдікті, 3,7 млрд теңге залал: ҰҚК қыркүйект...
07.10.2026
11:03
Қазақстанда «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен суретш...
07.10.2026
10:40
Жоғарғы Соттың 6 судьясы қызметінен босатылды