«Баладан басқа жаңалық айтайық»: Ғалым Махамбеттің жары желіде көптің мұңын айтты

12.01.2026 10:33 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Баладан басқа жаңалық айтайық»: Ғалым Махамбеттің жары желіде көптің мұңын айтты
0
45
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Ғалым Махамбет әйелімен

Танымал әзілкеш Ғалым Махамбеттің жары әлеуметтік желіде жарияланған әзіл видеосы арқылы көпшіліктің назарын аударып, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Politico.kz

Бейнежазбада ол жыл қорытындысын жасап жатқан жұртты мысалға алып, отбасындағы жағдайды әзілмен жеткізеді. Айтуынша, көпшіліктің «+1 үй, +1 гараж, +1 бизнес» деп жетістіктерін жариялап жатқан сәтінде олардың отбасында жаңалық жоқтай көрінеді.

«Жұрттар жылды қорытындылап жатыр: “Рахмет, 2025! +1 гараж, +1 үй, +1 бизнес”. Ал бізде не бар? Ештеңе жоқ. Соның бәрі сенің кесірің. Ақшаны мүлде үнемдей алмайсың. Күнде кофе ішесің, күнде қонақ күтесің. Болды, бүгіннен бастап бәрін қысқартамыз», – дейді ол видеода.

Ғалым Махамбеттің жары тұрмыстық шығындарды біртіндеп азайту туралы «жоспарын» да тізіп шығады. Оның ішінде фитнеске жылдық абонемент алып, оған небәрі бірнеше рет бару, сыртта тамақтануды тоқтату, қонақ күту кезінде шығынды бөлісу, бензинді үнемдеу сынды мәселелер әзілмен қозғалған.

Сондай-ақ, ол әлеуметтік желіге салатын контентке қатысты да қынжылысын білдіреді.

«Дым жаңалық жоқ бізде. Инстаграмға не салам?» – дейді ол.

Ал әзілкеш Ғалым Махамбет жарының көңілін көтермек болып:


«Мансұрды салсаңшы. Осы жылы Мансұр дүниеге келді ғой», – деп жауап береді.

Алайда бұл уәж әйелінің көңілінен шықпайды.

«Баладан басқа жаңалық айтайық. Жұрт та шаршаған шығар. Оған қазір ешкім таңғалмайды», – деп жауап қатты ол.

Видео әзіл ретінде түсірілгенімен, көпшілік оны қазіргі қазақ отбасыларындағы, әсіресе қыз-келіншектердің ішкі күйін дөп басқан шынайы көрініс ретінде қабылдады.

Желі қолданушылары да пікірлерін жасырмады.

«Бәрімізде осы жағдай», «Өзімізді бала-шағамен жұбатып жүрміз», «Ұрыспай-ақ, күлкімен жеткізгені күшті», «Қазіргі отбасылардың айнасы сияқты» деп жазды олар.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий