"Балаларға қамқор бол": Медеу Арынбаев келіншегімен соңғы рет сөйлескен кезін еске алды
362
Қазақстандық танымал әнші Медеу Арынбаев марқұм келіншегін еске алып, онымен соңғы рет не туралы сөйлескенін айтты. Өнер иесі келіншегі соңына дейін балалар үшін уайымдағанын жеткізді, деп жазады politico.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Медеу Арынбаев келіншегі бір нәрсені сезгендей соңғы бір ай бойы оған балалардың жағдайын ақырындап тапсыра бастағанын айтты.
"Келіншегім ауруханаға түскен соң, ауруы қайтадан үдеп кетті. Сағат тоғызда кел деген, мен бардым. 9 жарымда телефон соққаным есімде, телефон көтерді. Бірақ қатты әлсіреп тұр екен. Сол кезде тек балалар туралы сұрады. "Шошып кеткен жоқ па?" деп алаңдады. Маған "Мен сені сүйемін. Балаларға қамқор бол" деп айтып үлгерді. Мен кейін артынан анализ жасадым. Соңғы бір жарым айдай көңіл күйі аса болған жоқ. Сол кезде сөздің астарынан ақырындап балаларды, олардың жағдайын маған ысыра бастап, тапсырғандай болыпты", - деп есіне алды әнші "Ұрпақ" подкастында.
Соңғы жаңалықтар
23.09.2026
23:14
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінен...
23.09.2026
22:11
Ақтөбедегі балалар үйінде жанжал шықты: Белсенд...
23.09.2026
21:09
БҰҰ-дағы күтпеген мәлімдеме: 50 ел Ресейге соғы...
23.09.2026
20:14
«Багажымда бомба бар»: Шымкент әуежайында мас ж...
23.09.2026
19:40
Маңғыстауда балықтан уланған төрт адамның жағда...
23.09.2026
19:05
Тоқаев Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасары...