Маңғыстауда балықтан уланған төрт адамның жағдайы күрт нашарлады
277
Маңғыстау облысында үй жағдайында дайындалған ысталған балықты тұтынған төрт адам ботулизм белгілерімен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.
Қазір олардың жағдайы асқынып, дәрігерлер бақылауында. Науқастарға медициналық көмек көрсету үшін облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасымен Астанадан инфекционист пен реаниматолог мамандар арнайы шақыртылды.
Lada.kz мәліметінше, науқастардың жағдайы облыс әкімінің жеке бақылауында. Ауруханаға түскендердің үшеуі – ересек адам, ал біреуі – 2016 жылы туған бала. Ересектер облыстық ауруханада ем қабылдап жатыр. Бала балалар ауруханасына жатқызылған.
Жергілікті дәрігерлер науқастарға қажетті медициналық көмекті көрсетіп, астаналық мамандармен тұрақты түрде онлайн кеңес өткізіп отыр.
Соңғы жаңалықтар
23.09.2026
20:14
«Багажымда бомба бар»: Шымкент әуежайында мас ж...
23.09.2026
19:40
Маңғыстауда балықтан уланған төрт адамның жағда...
23.09.2026
19:05
Тоқаев Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасары...
23.09.2026
18:46
Дана Нұржігіт: Қазір отбасында табыс екі жақтан...
23.09.2026
18:16
Алматыда прокурордың ұлы бірнеше көлікті соққан
23.09.2026
18:07
Астанада бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған е...