Тоқаев Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындады
Ардақ Зебешев Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Тиісті өкімге Мемлекет басшысы қол қойды.
Ардақ Зебешев 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 2003 жылы бастаған Зебешев әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратында, Ауыл шаруашылығы министрлігінде, Сыртқы істер министрлігінде және Премьер-министр кеңсесінде қызмет атқарған.
2016-2019 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ құрылымдарында басшылық қызметтер атқарып, сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрі мен Премьер-министрдің орынбасарына кеңесші болған.
2019-2024 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінде жұмыс істеп, басқарма басшысынан комитет төрағасына дейінгі қызметтік жолдан өтті. 2024 жылдың ақпанында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2026 жылдың маусым айында Ардақ Зебешев Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы қызметіне қайта тағайындалған болатын.
Соңғы жаңалықтар