Балаларға арналған езбеден тышқанның уы табылды

19.04.2026 17:26 Қарақат АСЫЛОВА
Балаларға арналған езбеден тышқанның уы табылды
247
Ашық дереккөздерден
Кішкентай балаларға арналған тағамнан улы зат табылды

Австрияда балаларға арналған езбе өнімдерінің бірінен егеуқұйрыққа қарсы улы зат анықталды, деп хабарлайды Politico.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтемемен.

Қауіпті жағдай бірнеше елге таралып, Чехия мен Словакияда да күмәнді банкілер табылған. Бұл өнімдер немістің HiPP компаниясына тиесілі болып шықты. Компания сәбіз және картоп езбесі салынған банкілерді күдікті араласу фактісіне байланысты дүкендерден шұғыл түрде қайтарып алуға мәжбүр болған. Аталған тағамдар Австриядағы SPAR супермаркеттер желісі арқылы кең көлемде сатылған.

Тергеу барысында 190 граммдық бір банкадан егеуқұйрық уы табылғаны расталды. Алғашқы шағымды өнімді сатып алған тұтынушы түсірген.

Құқық қорғау органдары бұл жағдайды кездейсоқ оқиға емес, әдейі жасалған әрекет болуы мүмкін деп қарап отыр. Тіпті қасақана бопсалау фактісі де жоққа шығарылмайды.

Мамандар күмәнді өнімді анықтау үшін мына белгілерге назар аударуды ескертеді:

  • банканың түбіндегі қызыл белгісі бар ақ жапсырма;
  • қақпағының ашылған немесе бүлінген күйде болуы.

HiPP компаниясы бұл оқиғаның сыртқы араласудан болуы мүмкін екенін айтып, жеткізу тізбегінде қасақана бұзушылық жасалған болуы ықтимал екенін мәлімдеді. Қауіпті өнімді қолдану адам өміріне үлкен қауіп төндіретіні ескертілді.

Компания тұтынушыларға ақшаны толық қайтарып беретінін хабарлады. Тергеу жұмыстары бірнеше елдің құқық қорғау органдарының қатысуымен жалғасып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий