Балаларын Сирияға алдап апарған әйел адам шошырлық жайттармен бөлісті

09.12.2025 12:07 Мөлдір Талғат
Балаларын Сирияға алдап апарған әйел адам шошырлық жайттармен бөлісті
0
674
Фото: Видеодан скриншот

Сирияға барып, кейін елге оралған қазақстандық әйел ол жақта бастан кешкен ауыр жағдайları туралы айтып берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оның сөзінше, белгісіз адамдардың «әдемі өмір» уәдесіне сеніп, Сирияға кеткеніне қатты өкінген. Әйел балаларының да сол елде қатты зардап шеккенін жеткізді: екі ұлы соғыс алаңына тартылып, біреуі жарақат алса, екіншісі алған жарақатынан көз жұмған.

«Менің үлкен қызым Жұмашева Малика қатты жылады. “Мамау, сен бізді қайда алып келдің?” деп айтты» дейді ол.

Ол сол кезде балаларын алдаудан басқа амалы болмағанын жасырмайды.

«Сосын мен оларды алдай бастадым. Мына жер емес біздікі, басқа жаққа барамыз, ол жер жақсы деп. Себебі біз кетіп бара жатқанда ешкім білмеді. Олар жаңа жылдың алдында бізді қыдыруға алып бара жатыр деп ойлады. Мен солай балаларды алдап, алып кеттім» деп ашық мойындады әйел.

Желі қолданушылары бұл жағдайға байланысты әйелді қатты сынға алып, өз пікірлерін жарыса жазып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий