Балғынбек Имаш АЭС салуға қарсы пікір білдірді
1147
Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имаш Instagram-дағы парақшасында АЭС салуға қарсылығын білдіріп, билікке ашуланды.
Оның айтуынша, АЭС-тің салынуы – шешіліп қойған мәселе.
Бірден айтайын, мен маман емеспін. Референдум деп таңдау жасауға мүмкіндік берген соң ақын ретінде емес, осы елдің азаматы ретінде өз сөзімді айтамын. Ештеңе өзгермесе де салынуы шешіліп қойған мәселе. Бұл мәселені «Ресейдің (орыстың емес) бағы, Қазақтың (Қазақстанның емес) соры деп білемін. Неге соры? Біріншіден, бізде таңдау еркі жоқ! Бізге оны тек Ресей салады. Дамыған жапондар емес, тәжірибелі француздар емес, сапасүйер немістер емес. Ақ Патшаның (әлемге жексұрын Пұт-иннің) әлі де боданындамыз. Біздің қожайынымыз, бізді әлі босатқысы жоқ! Жоқ, біз тәуелсізбіз десеңіздер, Кедендік одақтан, ОДКБ-дан шығып көрейік. Жәй бір шығып, таза ауа жұтып, қайта кіреміз десек те шыға алмаймыз, – деп жазды ақын.Сонымен қатар ол елде мамандардың тапшы екенін де жасырмады.
Бізде білікті маман жоқ! Бар болса да мемлекетке олар керек емес. Олардың пікірі де, білімі де керек емес. Өйткені билік істі өз мамандарына емес, «өз адамдарына» басқартады. Бізде АЭС салу, оны меңгеру, жүргізу түгілі мемлекетті басқаратын кадрлар тапшы. Бізде идеология да, идеолог та жоқ. «Ұлттық Құрылтай» дегенді ойлап тауып, ойына келгендерді мүше қылды. Білікті маман шығаратын есі дұрыс оқу орны да жоқ қой, білім саласындағы жағдай сын көтермейді, – деп ренішін білдірді Балғынбек Имаш.
Соңғы жаңалықтар
09.08.2026
17:28
«Дубайға барамыз, сол жерде қаласыңдар»: Астана...
09.08.2026
16:30
Батыс Қазақстан облысында жолаушылар бар автобу...
09.08.2026
15:22
Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты
09.08.2026
14:30
Ақтауда көпқабатты үй маңынан әйелдің мәйіті та...
09.08.2026
13:23
“Кінәлілер жазасын алады”: Ақмарал Әлназарова М...
09.08.2026
12:17
Атырауда балаға күш көрсетті деген тәрбиеші бұр...