Бали аралында ресейлік блогермен төбелескен қазақстандық ұсталды

22.01.2026 19:00 Берік Арманов Берік Арманов
Бали аралында ресейлік блогермен төбелескен қазақстандық ұсталды
76
Фото: Видеодан скрин

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (СІМ) Бали аралында Қазақстан азаматының ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Бали аралында қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбекованың қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол барда ресейлік блогер Карина Фадееваға шабуыл жасады деген күдікке ілінген. БАҚ мәліметінше, сот тергеу жүргізіліп жатқан кезеңде Алтайбекованы 60 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарған.

ҚР СІМ-нің 2026 жылғы 21 қаңтарда баспасөз қызметі таратқан ресми түсіндірмесінде:

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Индонезия аумағында ҚР азаматының ұсталғаны фактісінен хабардар. Істің мән-жайы және қылмыстық-процестік сипаттағы өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды. Процестік мәртебе мен қолданылатын шаралар Индонезияның ұлттық заңнамасына сәйкес тек сол елдің құзырлы органдары тарапынан айқындалады», – делінген.

Сондай-ақ сыртқы саяси ведомство Қазақстанның Индонезиядағы елшілігі аталған азаматшаға өз құзыреті шеңберінде консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий