Банктен 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық алаяқ Швецияда ұсталды

20.12.2025 11:00 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Банктен 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық алаяқ Швецияда ұсталды
0
55
видеодан кадр

Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі көлемде ақша ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Швециядан экстрадициялады, деп хабарлайды Politico.kz

Күдікті 2018 жылы екінші деңгейдегі банктердің бірінің мобильді қосымшасында орын алған жүйелік қателерді пайдаланып, банк картасының ағымдағы шотындағы теңгерімнен асатын сомаларға ойдан шығарылған аударымдар жасаған. Соның салдарынан банкке 55 млн теңге көлемінде шығын келтірілген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Осы жылы ол Швеция Корольдігінің аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша еліне экстрадицияланды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Айта кетейік, Швециямен экстрадициялау туралы келісім болмаса да, 2023 жылдан бері бұл елден Қазақстанға 4 адам, оның ішінде жалған ақша жасау және алаяқтық үшін экстрадицияланған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий