«Бәріне ұқсай береді екен»: Бибо Кенжебек Жанәбіловті айнытпай салды

24.12.2025 17:25 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Бәріне ұқсай береді екен»: Бибо Кенжебек Жанәбіловті айнытпай салды
0
59
Фото: видеодан скриншот

Блогер Бибо әлеуметтік желідегі кезекті пародиясымен тағы да жұртты күлкіге қарық қылды. Бұл жолы ол танымал «МузАРТ» тобының мүшесі Кенжебек Жанәбіловтің образын сәтті сомдап, желі қолданушыларының ерекше ықыласына бөленді, деп хабарлайды Politico.kz

Видеода Бибо Кенжебектің сахналық қимылын, киім үлгісін, тіпті жүріс-тұрысына дейін айнытпай салған. Ұқсастығы соншалық, көпшілік «түрі бәріне ұқсай береді» деп әзілдесіп, пародияны жарыса бөлісіп жатыр. Кейбір оқырмандар «курткасына дейін дәл келтіріп қойыпты», «мынадай универсал түр сирек кездеседі», «бәрінің музыкасын сен арқылы танып жатырмыз» деп жазды.

Желі қолданушыларының арасында «түрің многоразовый ма?», «тойға байқап шақырыңдар, Бибо келіп тұрмасын» деген сарындағы қалжың пікірлер де көбейіп отыр. Көпшілік блогердің байқағыштығы мен актерлік шеберлігін жоғары бағалап, оның пародиялары эстрададағы танымал тұлғаларды жаңа қырынан танытатынын айтуда.

Айта кетейік, Бибо бұған дейін де бірнеше өнер иесіне пародия жасап, әлеуметтік желіде кеңінен танылған. Кенжебек Жанәбіловке арналған бұл бейне де сол қатарды толықтырып, желідегі ең көңілді видеолардың біріне айналып үлгерді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий