"Бәрінен қашып кеттім": Тұрсынбек Қабатов Хромтауда не істеп жүр?
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов кезекті концертінде бір сөз айтып, жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Концерттің ортасында әзілкеш ағынан жарылып, қазіргі жағдайы туралы баяндады.
"Бір-біріміздің үйіне барып шай ішіп отқанда сериал айтып отыратын едік. Қазір сериал қарайтын уақыт жоқ. Бәрінде жұмыс қой. Қазір телефон бар қолымызда. Бүкіл сериалдың бәрі инстаграмда қазір. Алдында актрисса Дариға Бадықова туралы бір шуладық. Одан кейін мен. Әлі мен. Түрлеріңізге қарасам, "қашан айтасың?" деп бәрі соны күтіп отыр. Біліп отырмын. Хромтауда не ғып жүрсің десең, қашып келдім. Сіздерге мың алғыс! Менің өмірімді емес, өнерімді бағалап келдіңіздер,-деді әзілкеш.
Ал желі қолданушылары Қабатовты оңды-солды сынап, кейбіреулері жақтап жатыр.
"Қатты әбіржіп, қартайып кетіпті", "Өмір басқа, өнер басқа. Халық соны шатастырмау керек. Біздің міндетіміз өнерін бағалау ғана", "Ел не десе де, жалғыз өзі тұрып елді күлдіртіп алғаш шыққан осы ғой", "Он қатын алса да жарасады, нағыз ер жігіт", "Жаман қартайып кетіпті. Тоқал жас дұрыс қарамайды. Ел аралап, тоқал асырау керек. Қыз ұзатып, құда болып отыратын кезі ғой қазір. Аянышты" деп жазып жатыр оқырмандар
Соңғы жаңалықтар