Барлық аймақта бір типтік үй салынады – Қанат Бозымбаев
584
Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев келді. Су тасқынынан зардап шеккен отбасылармен кездесіп, алдағы атқарылар жұмыс жайын айтты.
Ақтөбе облысында 1400-ден астам жер үй мен бау-бақша ұжымдарындағы 3 мыңнан астам үйге су кірді.
Вице-премьердің айтуынша, еліміз бойынша ауданы 80 шаршы метр болатын бір типті үйлер салынады деп жоспарланған. Алайда демеушілер көмегімен көпбалалы, мүгедектігі бар адамдарға өзгеше жағдай жасауға мүмкіндік бар. Бұл жұмысты жергілікті жерде облыс әкімдері үйлестіре алады. «Облыста 136 шақырым автомобиль жолдары, 15 көпір зақымданды. Сонымен бірге 23 әлеуметтік нысан мен 84 шағын және орта бизнес субьектісі зардап шекті. Жергілікті бюджеттен 7,8 млрд теңге бөлінді. Үйлерді қалпына келтіруге, тұрмыстық техника мен жиһаздың шығынын өтеу үшін 4,1 млрд теңге қарастырылды. Қазіргі таңда бағалау және техникалық тексеруден өткен үйлерге 600 млн теңге төленді. Сонымен бірге жедел көмек көрсету аясында 2700 отбасына 100 АЕК көлемінде 877 млн теңге біржолға төлем берілді», - деді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.«Жалпы айтқанда 4600-ден астам үйді жөндеу немесе салу керек. Бұл жұмысты қолға алу үшін облысқа келіп отырмын. Біраз үйлерді қарадым. Сонымен бірге осы сапарда «Верный капитал» КТ, ERG компаниялар тобы мен BI Grоup басшылары мен өкілдері келіп отыр. Олар негізінде үйлерді сатып алуға немесе салуға, жөндеуге тиісті қаражат бөліп жатыр. Ал бұзылған жол, көпір, электр торыбына қаржы бюджет есебінен төленеді. Қазір техникалық-экономикалық негіздеме, жобалық-сметалық құжатты сараптамадан өткізіп, Қаржы министрлігі арқылы қаржы бөлінеді. Тез арада үйлерді, пәтерлерді сатып аламыз немесе 2-3 айда жөндейміз, жаңа жер үйлер саламыз. Үш демеуші құрылыс, сатып алу, жөндеу үшін 27-30 млрд теңге бөледі», - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев.
Соңғы жаңалықтар
17.06.2026
13:02
Павлодарда жанып жатқан үйдің терезесінен секір...
17.06.2026
13:00
«Мен тек шындықты айтқанымды мойындаймын»: Әділ...
17.06.2026
12:27
Қорғаныс вице-министрі әскердегі ұлының борышын...
17.06.2026
12:26
Алматылық қарияның өліміне себеп болған алаяқта...
17.06.2026
11:50
АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық Әсет Құралба...
17.06.2026
11:45
Қазақстан бюджеттегі 4,6 трлн теңге тапшылықты ...