«Барлығы сценарий болған»: Juzeffina Баха Пуперге қатысты шындықты ашты
Блогер Juzeffina «Laula» подкастына берген сұхбатында желіде қызу талқыға түскен Баха Пуперге қатысты жағдайдың шындығын айтып берді, деп хабарлайды Politico.kz
Оның сөзінше, көпшілікке «Баха көлік сыйлады» деген әсер қалдырған оқиға шын мәнінде алдын ала ойластырылған сценарий болған. Juzeffina көлікті өзі сыйлағандай етіп көрсету үшін Жұлдыздың картасы пайдаланылғанын, ал бұл әрекет әдейі құрылған контент екенін ашық айтты.
«Мені Баханы пайдаланып тастап кетті деп жазды. Бірақ барлық сапарымның да, көлігімнің де демеушісі – өзім», – деді ол.
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушыларының қызу реакциясын тудырды. Көпшілік блогерлердің өмірі мен желідегі контентіне күмәнмен қарай бастағанын жасырмады.
«Осыдан кейін блогерлерге қалай сенеміз?», «Бәрі қолдан жасалған шоу екен ғой», «Контент үшін бәріне барады екен» деген пікірлер жиі кездеседі.
Осылайша, Juzeffina-ның бұл ашық әңгімесі желідегі «идеал өмірдің» артында сценарий мен есеп жатқанын тағы бір мәрте көрсетіп, блогерлер әлеміне деген сенім мәселесін күн тәртібіне шығарды.
Соңғы жаңалықтар