Бас мүфти діни атауларды қазақша қолдануға шақырды: Ифтар емес – ауызашар, сухур емес – сәресі
Рамазан айында дәстүрімізді ұлықтайық
Рамазан айының қарсаңында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды ислам дініне қатысты қазақ тіліндегі атауларды қолдануға шақырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оның айтуынша, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ислам дінін ұстанып, діни терминдерді қазақ тілінде қолданған. Сондықтан, ифтар орнына – ауызашар, ал сухур орнына – сәресі сөздерін пайдалану қажет екенін атап өтті.
«Дін – ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі. Тілімізді сақтау – дәстүрімізді сақтау. Сондықтан діни ұғымдарды қазақ тілінде қолдану өте маңызды», – деді Бас мүфти.
Сонымен қатар, ол қасиетті Рамазан айында барша мұсылмандарды сауапты істер жасауға, азық-түлік бағасын қымбаттатпауға және мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге шақырды.
Айта кетейік, 2025 жылы Рамазан 1 наурызда басталып, 29 күнге созылады. Қадір түні 26-27 наурызға қараған түні өтеді, ал Ораза айт 30 наурызға белгіленген.
Ақпарат STAN.KZ сайтынан алынған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...