Батыс Қазақстан облысында жолаушылар бар автобус өртеніп кетті
Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында рейстік автобус қозғалыс кезінде өртенді, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға 8 тамыз кешке Самара – Шымкент тасжолында, Шалқар көліне бұрылатын тұста болған. Автобус Орал – Қаратөбе бағыты бойынша жүріп келе жатқан. Өрт шыққан кезде салонда 37 жолаушы болған. Барлығы автобустан өздігінен эвакуацияланған.
Төтенше жағдай салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Өрт жедел кезекші пультіне түскен хабардан кейін оқиға орнына БҚО ТЖД қызметкерлері жіберілді. Өрт сегіз маман мен екі техника бірлігінің көмегімен толық сөндірілді», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Оқиғаның нақты себебі анықталуда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
16:34
Жамбылда есірткімен ұсталған ресейлік рэпер Nav...
09.11.2026
16:19
Танымал блогер Біржан Әшімнің әкесі дүниеден өтті
09.11.2026
16:15
"Билегені де жиіркенішті": Бесбаевтың тойына то...
09.11.2026
15:51
Түркістанда балалар ойын алаңында екі әйел төбе...
09.11.2026
15:19
Әйел мен төрт баласын бензин құйып өртеген ер а...
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...