Баян Алагөзова атышулы Бишімбаев туралы кино түсіріп жатыр
980
Продюсер Баян Алагөзова азаматтық некедегі әйелін қатыгездікпен өлтірді деген айыппен сотталған бұрынғы Экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты негізінде жаңа фильм түсіруге бел буған. Бұл туралы оның өзі Instagram-дағы парақшасында айтты, деп хабарлады politico.
Оның айтуынша, фильм тәрбиелік мәні зор әлеуметтік жоба болуы мүмкін.
Фильм «Жалғыздық» деп аталады. Бірақ атын өзгертетін шығармыз. Түсірілімдегі атауын осылай деп қойдық. Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы «Бақыт» фильмін түсіргенімді білесіздер. Содан Асқар Ұзабаев екеуміз осындай трилогия, яғни осы тақырыпта 3 фильм түсіреміз деп шештік. Оған қайта оралу қаншалықты қиын екенін білеміз. Бірақ әйелін ұрып өлтірген экс-министр Бишімбаевтың әрекеті, оған қатысты сот процесі қоғамды дүр сілкіндірді. Бұл тақырып әлі күнге дейін елімізде өзекті екенін көрсетті. Бір дүние шығармас бұрын 10 рет ойлану керек, – деді жоба авторы.Сондай-ақ ол жаңа фильмінің бірден көрермен жинайтын жақсы туынды боларына сенімді. Біздің көрермен түрлі фильмдерді көруге дағдылануы керек деген пікірде өзі. Фото: inbusiness.kz
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...