Баян Алагөзова журналист Дана Орманбаевадан моральдық шығын өндіріп алды
862
Алматы қалалық сотында белгілі продюсер Баян Алагөзованың журналист Дана Орманбаеваның үстінен жазған шағымына қатысты іс қаралды.
Бұған дейін Дана Орманбаева әлеуметтік желілерде Баян Алагөзоваға қатысты бірқатар ақпарат таратқан еді. Сол үшін продюсер Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына арыз жазып, Орманбаевадан Instagram және Telegram желісіндегі жеке парақшасында тараған ақпаратты жоққа шығаруды талап етті. Сонымен қатар соттан моральдық шығын ретінде 2 миллион теңге өндіруді сұрады.
Ал Дана Орманбаева өз жарияланымдарындағы ақпарат шындыққа сәйкес келетінін және пікір түрінде екенін айтып, айыпты мойындамаған.
Айта кететін жайт, сот филологиялық-лингвистикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес, жауапкер ұсынған мәліметтер шындыққа сәйкес келмеген жағдайда талапкердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін деректер санатына жатады.
Бірінші сатыдағы сот отырысы барысында тараптар жауапкердің жоғарыда аталған ақпаратты әлеуметтік желілерде таратқанын дауламады. Журналистің өзі жариялаған ақпараттың продюсерге қатысы жоқ деген уәжі расталмады. Осыған байланысты сот істің мән-жайы мен сараптама қорытындысын ескере отырып, продюсердің шағымын ішінара қанағаттандырды, - делінген хабарладама.Соттың мәліметінше, журналист таратқан ақпараттың шындыққа жанаспайтыны, Баян Алагөзованың ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретіні анықталды. Сот журналисті деректерді жоққа шығаруға міндеттеп және продюсердің пайдасына моральдық шығынды өтеу үшін 500 мың теңге өндірді. Фото: kursiv.media/Аружан Махсотова
Соңғы жаңалықтар
01.05.2026
01:04
Қазақмыс Аягөзде ипподром мен балалар алаңын са...
30.04.2026
23:27
Алматыдағы қанды төбелес: 2 жасөспірім қаза тау...
30.04.2026
23:19
Іздеудегі Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы ҚТЖ-ғ...
30.04.2026
22:34
«Дұғада болыңыздар!»: Қайсар Қамза өз жағдайына...
30.04.2026
21:42
Қазақстандықтар есту қабілеті нашар азаматтарды...
30.04.2026
20:45
Светлана Пак: Алмас Сұлтанғазин әкемнің Sulpak-...