«Баян Мақсатқызын сатып кеткендей болдым»: «КешYOU» тобының экс-солисі шындықты жайып салды

15.01.2026 09:13 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Баян Мақсатқызын сатып кеткендей болдым»: «КешYOU» тобының экс-солисі шындықты жайып салды
0
53
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Элизат Берік

TalkLike YouTube арнасының кезекті шығарылымына әнші Элизат Берік қонақ болып, өнер жолындағы күрделі кезеңдері мен жеке өміріне қатысты ашық әңгіме өрбітті, деп хабарлайды Politico.kz

Сұхбат барысында өнер иесі сахнаға қайта оралу оңайға соқпағанын мойындады. Оның айтуынша, продюсерлік орталықтан бөлек шығып, шығармашылықты жеке жалғастыру көптеген әншілер үшін үлкен сынаққа айналады. Элизат тыңдарманын қайта табуға ұзақ уақыт кеткенін де жасырмады.

Сонымен қатар, ол BM Production-ға қайта келуінің себептерін түсіндіріп, Баян Мақсатқызы мен Бағым Мақсатқызымен жұмыс істеу барысындағы тәжірибесіне тоқталды. Әнші бұл кезеңде келіспеушіліктер болғанын жоққа шығармай, сол уақыттағы кей шешімдеріне бүгінде өкінішпен қарайтынын жеткізді. Оның сөзінше, сол сәтте қабылдаған әрекеттері өзіне «сатқындық» сезімін тудырған.

Сұхбатта Элизат Берік жеке өміріне де тоқталды. Ол бұрынғы жұбайымен ажырасу тақырыбын қозғап, бұл шешімнің өміріне қалай әсер еткенін айтты. Қазіргі таңда жүрегінің бос екенін атап өткен әнші, балаларының әкесімен қарым-қатынасы үзілмегенін жеткізді.

Сондай-ақ, Элизат «КешYOU» тобы туралы да өз ойын ашық білдірді. Оның айтуынша, ұжымда шынымен кәсіби деңгейі жоғары, дауысы мықты қыздар да болған, сонымен қатар вокалдық қабілеті әлсіз болса да, танымалдыққа қол жеткізген қатысушылар да кездескен. Әнші топтағы ең сәтті өнер иесі мен ең мықты дауыс иесі жөнінде де жеке пікірін жасырмады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий